Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады.
Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп отырады. Егер де араларында бір жұп әлсіз болатын болса, онда ол жұп бала туу санын шектейді. Бұл генетикалық құрамды жақсарту мақсатында жасалатыны айтпаса да түсінікті.
Одан соң мына кереметті қараңыз! Бір топ қасқыр. Ең алдында үш әлсіз әрі ауру қасқыр келеді. Егер алда бір төтенше жағдай бола қалса, алдымен солар құрбан болады. Сонымен қатар бұл үшеуі жол таптап, кейінгілердің күшін сақтап қалуына ықпал етеді. Одан кейін 5 еркек қасқыр келеді. Бұл - негізгі топтың басы. Ортада 11 ұрғашы қасқыр кетіп барады. Олардан соң тағы 5 еркек қасқыр, ал ең соңында - басшы бөрі келеді. Ол топтың жүру барысын қадағалап, бақылап әрі реттейді. Сол үшін топтың артында жүреді.
Қасқырлар араларындағы жұп қасқырларға (яғни, еркек пен ұрғашы) құрмет көрсетеді. Олжалы бола қалса бірінші соларға бөліп береді, жататын жерлерін де жайлы, оңашалау жерден таңдап қояды. Күшті қасқырлар әлсіздерге қамқор болады. Ал, егер де өзара заңдылықты бұзатын болса, онда олармен басқаша сөйлесуі бек мүмкін.
Бұл жыртқыш аңның бостандыққа деген ұмтылысын тарихқа таспен қашап жазуға болатындай. Неге десеңіз, қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын жалғастыратындығы сөзімізге дәлел болса керек. Сондай-ақ, егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі, қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру қасқырларды азық ретінде жеп қоятынын біреу білсе, біреу білмес.
Кейбір қасқырлардың салмағы 100 кг дейін жетуі мүмкін. Қасқырлар экватор сызығына алыс-жақын орналасу ретіне байланысты өседі. Тропикалық қасқырлардың кәдімгі иттерден қатты айырмашылығы жоқ. Қиыр шығыстағы қасқырлардың салмағы 60 кг дейін жетеді.

1995 жылы 14 қасқыр Йеллоустон ұлттық қорығына жіберіледі. Сол кезде ғалымдар бұл қорықтың экожүйесінің өзгеретініне күмән келтірмеген болатын. Өзгергенде де жақсы жағына қарай өзгеретініне күмәнданбады.
Себебі, мұнда тек қана бұғылар өмір сүретін. 70 жыл көлемінде мұнда қасқыр болмағандықтан, бұғылар патшалық құрды. Ал, бұл болса өз кезегінде жергілікті өсімдіктердің өркен жаюына айтарлықтай кедергі келтірді. Қасқырлар қорықтағы барлық бұғыны жеп тауыса алмайтыны анық, бірақ олар қасқырлар мекендейтін аймаққа аттап баспайтын болды.
Міне, сондай аймақтарда өсімдіктер еркін өсе бастады. 6 жыл көлемінде ағаштардың саны 5 есеге артқан. Сол кездері кеміргіштер пайда болды. Сондай-ақ, қасқырлар шибөрілердің азаюын қамтамасыз етті. Ал, бұл кезде қояндар мен тышқандардың артуы байқалды. Содан соң қорыққа аюлар келді. Олар өз аймақтарынан қасқырларды қуып шықты. Жемістердің өсуі осы жағдайдан кейін арта бастады.
Ең қызығы қасқырлар өзеннің ағысын реттеді. Өзеннің ағуы бұрынғыдан бірқалыпты күйге түсіп, өзен жағасының эрозияға ұшырауы сап тыйылды. Қалай десеңіз, бұғылардың азаюы ағаштардың, шөптердің өсуін тездетті. Яғни, өзен жағасына өскен шөп жердің қатты болуын қамтамасыз етті. Жалпы жіберілген 14 қасқырдың арқасында қорықтың бүкіл географиясы өзгерді деп айтуға болады. ҚАСҚЫРДЫҢ ҚЫРЫҚТАН АСТАМ ҚАСИЕТІ
Қасқырдың өзге аңдардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Мұны қазақ жақсы білген. Қасқыр жайында қазақ халқында қалыптасқан ұғым-түсініктер ұсынылады.
1) Қасқыр ешқашан да екі рет жұп құрмайды.
2) Терісін тірідей сойып алсаң да, қыңсылап дыбыс шығармайды.
3) Қаншығы, яғни құртқасы өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді.
4) Күшік кезінен асырасаң да, құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5) Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірісі бар.
6) Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
7) Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
8)Қазақ қасқырдың атын атамаған, құтырып кетеді деп ойлап, «ит-құс» деп атаған.
9) Қасқырдың терісінен жасалған ішікті белсіздікке ұшырайды деп жас жігіттерге кигізбеген
10) Қасқырдың ішігін жамылған адамды боран болсын, ызғар болсын ала алмаған.
11) Қасқырдың терісін 1-2 сағат бөстек қылып отырсаңыз, күні бойы денеңіз қызып жүреді.
12) Терісін аяқ-киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтпейді.
13) Қазақ бөріні киелі деп «пір» тұтқан.
14) Қазақ халқы көне заманнан байрағына көк бөрінің бейнесін бейнелеген.
15) Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды ырымдаған.
16) Қасқырдың тісін,тырнағын адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл-көзден ада болады деп ұққан.
17) Әйелінің аяғы ауыр кезде ер адам түсіңде көк бөрі көрсе, онда ол текті бала туады жорыған.
18) Қасқырдың нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды.
19) Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырына баспайды, ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді. Қазақ тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе, итемген -сүтемген деп атаған, яғни екі киелі əруақты емген.
20) Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды
21) Ұйлыққан қасқырды қазақ атпаған, өршелніп кетеді деп ойлаған. Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан. Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына, жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып кетуге тырысқан.
22) Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаныз да, өзіне тəн иісі ешқашан да жоғалмайды.
23) Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған.
24) Өмірде қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ.
25) Қасқыр қыста боранды күндері күніне 100 шақырымнан астам жортады.
26) Аңшылар қасқыр аулаға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған, себебі қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды.
27) Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.
28) Қасқыр малдың ұлығы түйеге тиіспеген, киесін таныған. Егер де түйе шөгіп жатса, үстінен секіріп өткен.
29) Бөлтірігіне тамағын құсып берген.
30) Бір топ болып өтсе де, яғни үйір болып, бір ізбен жүрген, соқпақ жасамаған.
31) Əзірет Əлінің күші жетіге бөлінсе, қазақ халқы біреуі қасқырдан деп ұққан.
32) Қасқырдың тісі тік болмайды айқасып қалады, тым қатты ашыққанда аузын ашып жүреді, өйткені жағы қарысып қалады.
33) Аңшылар қасқырды қуғанда бір жағынан қуған, əбден шаршағанда екінші жағынан ұрып алған, себебі қасқырдың мойны да бұралмай, қарысып қалады.
34) Қасқырдың ішігін киіп атқа жақындаса, ат үркіп, мінгізбей қояды.
35) Қасқырдың көзі өте өткір болады,түнде шамсыз да қып-қызыл болып жанады.
36) Қасқыр дыбысты 10 шықрымнан естиді, иісті түгел ажырата алады.
37) Жаны қысылғанда екі-үш метр биіктіктен секіріп өтіп кете береді.
38) Үйірді бастап жүретін арландары болады.
39) Сарыған тезек тастаған жеріне 3 немесе 7, 14, 21 күнде əйтеуір бір соғады жəне ескі қораға құдық қыстауға бір соқпай кетпейді. Аңшылар осыны біліп, дәл сол жерлерге қақпан қойған.
41) Жаңадан туғанын Соқыр, Майтабан, Қарақұлақ, Бөлтірік, Көксерек деп атайды, қатігезін Қорқау бөрі, кейде шөгел дейді.
42) Терісін сыпырып алғаннан кейін де етіне шыбын-шіркей қонбайды, құрттамайды, қатқан болып жата береді, исін сезген бірде -бір аң еттің маңына да жоламайды, иттер қасқырдың өлексесі бар үйдің маңынан аулақ жүреді.
43) «Қасқырдың терісін сыпырсаң да, тектілігін сыпыра алмасың» деген ата-бабаларымыз.
44) Қорасына ала-арқан керген ата-бабаларымыз, малға шаппайды деп ырымдаған.
45) Қасқыр боранды күні құтырған.
46) Қасқыр ешқашан да өлексе етті жемейді, тек балғын жас етті жеген, ұстап алған жемтігімен ыстықтай қоректенген, бір жегенде он келідей ет жеген.
🕌🇰🇿 Ұлы дала сазы🎼Музыка великой степи 🇰🇿🕌
:🕌 Қабдрахман Мəмежан 🕌
1- Қасқырлар туралы қызықты мәліметтер!!!
2- ҚАСҚЫРДЫҢ ҚЫРЫҚТАН АСТАМ ҚАСИЕТІ!!!

1995 жылы 14 қасқыр Йеллоустон ұлттық қорығына жіберіледі. Сол кезде ғалымдар бұл қорықтың экожүйесінің өзгеретініне күмән келтірмеген болатын. Өзгергенде де жақсы жағына қарай өзгеретініне күмәнданбады.
Себебі, мұнда тек қана бұғылар өмір сүретін. 70 жыл көлемінде мұнда қасқыр болмағандықтан, бұғылар патшалық құрды. Ал, бұл болса өз кезегінде жергілікті өсімдіктердің өркен жаюына айтарлықтай кедергі келтірді. Қасқырлар қорықтағы барлық бұғыны жеп тауыса алмайтыны анық, бірақ олар қасқырлар мекендейтін аймаққа аттап баспайтын болды.
Міне, сондай аймақтарда өсімдіктер еркін өсе бастады. 6 жыл көлемінде ағаштардың саны 5 есеге артқан. Сол кездері кеміргіштер пайда болды. Сондай-ақ, қасқырлар шибөрілердің азаюын қамтамасыз етті. Ал, бұл кезде қояндар мен тышқандардың артуы байқалды. Содан соң қорыққа аюлар келді. Олар өз аймақтарынан қасқырларды қуып шықты. Жемістердің өсуі осы жағдайдан кейін арта бастады.
Ең қызығы қасқырлар өзеннің ағысын реттеді. Өзеннің ағуы бұрынғыдан бірқалыпты күйге түсіп, өзен жағасының эрозияға ұшырауы сап тыйылды. Қалай десеңіз, бұғылардың азаюы ағаштардың, шөптердің өсуін тездетті. Яғни, өзен жағасына өскен шөп жердің қатты болуын қамтамасыз етті. Жалпы жіберілген 14 қасқырдың арқасында қорықтың бүкіл географиясы өзгерді деп айтуға болады.
ҚАСҚЫРДЫҢ ҚЫРЫҚТАН АСТАМ ҚАСИЕТІ
1) Қасқыр ешқашан да екі рет жұп құрмайды.
2) Терісін тірідей сойып алсаң да, қыңсылап дыбыс шығармайды.
3) Қаншығы, яғни құртқасы өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді.
4) Күшік кезінен асырасаң да, құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5) Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірісі бар.
6) Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
7) Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
8)Қазақ қасқырдың атын атамаған, құтырып кетеді деп ойлап, «ит-құс» деп атаған.
9) Қасқырдың терісінен жасалған ішікті белсіздікке ұшырайды деп жас жігіттерге кигізбеген
10) Қасқырдың ішігін жамылған адамды боран болсын, ызғар болсын ала алмаған.
11) Қасқырдың терісін 1-2 сағат бөстек қылып отырсаңыз, күні бойы денеңіз қызып жүреді.
12) Терісін аяқ-киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтпейді.
13) Қазақ бөріні киелі деп «пір» тұтқан.
14) Қазақ халқы көне заманнан байрағына көк бөрінің бейнесін бейнелеген.
15) Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды ырымдаған.
16) Қасқырдың тісін,тырнағын адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл-көзден ада болады деп ұққан.
17) Әйелінің аяғы ауыр кезде ер адам түсіңде көк бөрі көрсе, онда ол текті бала туады жорыған.
18) Қасқырдың нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жоламайды.
19) Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырына баспайды, ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді. Қазақ тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе, итемген -сүтемген деп атаған, яғни екі киелі əруақты емген.
20) Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды
21) Ұйлыққан қасқырды қазақ атпаған, өршелніп кетеді деп ойлаған. Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан. Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына, жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып кетуге тырысқан.
22) Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаныз да, өзіне тəн иісі ешқашан да жоғалмайды.
23) Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған.
24) Өмірде қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ.
25) Қасқыр қыста боранды күндері күніне 100 шақырымнан астам жортады.
26) Аңшылар қасқыр аулаға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған, себебі қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың исін сезіп қояды.
27) Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.
28) Қасқыр малдың ұлығы түйеге тиіспеген, киесін таныған. Егер де түйе шөгіп жатса, үстінен секіріп өткен.
29) Бөлтірігіне тамағын құсып берген.
30) Бір топ болып өтсе де, яғни үйір болып, бір ізбен жүрген, соқпақ жасамаған.
31) Əзірет Əлінің күші жетіге бөлінсе, қазақ халқы біреуі қасқырдан деп ұққан.
32) Қасқырдың тісі тік болмайды айқасып қалады, тым қатты ашыққанда аузын ашып жүреді, өйткені жағы қарысып қалады.
33) Аңшылар қасқырды қуғанда бір жағынан қуған, əбден шаршағанда екінші жағынан ұрып алған, себебі қасқырдың мойны да бұралмай, қарысып қалады.
34) Қасқырдың ішігін киіп атқа жақындаса, ат үркіп, мінгізбей қояды.
35) Қасқырдың көзі өте өткір болады,түнде шамсыз да қып-қызыл болып жанады.
36) Қасқыр дыбысты 10 шықрымнан естиді, иісті түгел ажырата алады.
37) Жаны қысылғанда екі-үш метр биіктіктен секіріп өтіп кете береді.
38) Үйірді бастап жүретін арландары болады.
39) Сарыған тезек тастаған жеріне 3 немесе 7, 14, 21 күнде əйтеуір бір соғады жəне ескі қораға құдық қыстауға бір соқпай кетпейді. Аңшылар осыны біліп, дәл сол жерлерге қақпан қойған.
40) Бөлтірігін туарда апанын судан қашық қылмайды, 2-3 шақырымдай жерден қазады.

Асан Тұрабаев.