Қазақ анимациясы тағы бір жаңа туындымен толықты.

Керімбек Ниязбаевтің сценариі бойынша түсірілген «Көк ту және достар» атты қысқа метражды анимациялык фильм мемлекеттік рәміздерді, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты насихаттайды.
Мультфильмнің бас кейіпкері — Мағжан атты балақай. Атасымен бірге қалаға оқуға келген ол жаңа достар табады. Олардың ұлтына қарамай, тез тіл табысып, асық ойнауды үйретеді. Көк туымызды ойыншық қылған балаға қыр көрсетіп, оны құрметтеуге, көп ұлтты мемлекет болып көкке көтеруге шақырады. Бұл оқиғалардың барлығы бала тілімен суреттеледі.
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/cartoon/2059-dos.html

Комментарии

Комментариев нет.